Белгілі әнші Ақбота Керімбекова марапатталып жатқан әріптестеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«ҚАЗАҚТА СӨЛКЕБАЙҒА ТЕЛІНБЕГЕН СҰМДЫҚ СӨЗДЕР ҚАЛДЫ МА?!»
Керімбекова Instagram-дағы парақшасында атақ алған өнер иелеріне жазба арнады.
Жер-жерде шүлен тарату басталды. Құдай-ау, не деген атақтар анау?! «Ерен еңбегі үшін», «Құрмет», «Парасат», «Даңқ». Қазақта сөлкебайға телінбеген сұмдық сөздер қалды ма екен өзі?! Жылына осы атақтарды бәлен жүз адам алады екен. Ала берсін. Бірақ мемлекет жағдайы сонша ерен еңбек жасалынғанға ұқсай ма?! – дейді ол.
«TIK-TOK-ТАҒЫ ЛЕГЕНДАЛАР НЕГЕ АЛМАҒАН?!
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ТОҚАЕВ БАЯН АЛАГӨЗОВАҒА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
Әнші әріптестері шындықты жеткізгені үшін «көре алмай отыр» деп айтпаса екен дейді.
Үйдегілер кейде сұрап қалады «Әндетіп жүргеніңізге 30 жыл, мынадай мыңғырған атақтың біреуі сізге берілмей ме?» дейді. «Ай, айналайындар-ай, үкімет үшін әндетіп жүргенім жоқ. Үкімет те өзі үшін ән салмайтындарға бермейтін шығар?! Одан кейін атақтарды түгел алып шыққан кейбір адамдармен мені қатар қойып, халықтың алдына шығарса, халық бір де бір мемлекеттік атағы жоқ мені танып, құрметтеп кетуі мүмкін. Нағыз бақыт – сол» деп құтыламын. Ойым дұрыс шығар деп ойлаймын. Тағы шындығым үшін «көре алмай отыр» демесе екен.
Айтпақшы, қазақ тарихынан да маңызды боп тұрған қазақ Tik-Tok-дағы легендалары неге алмаған? Неге бермейсіңдер?! Көре алмай жүрсіңдер ме? - деп жазды әнші.
«ҚАЗАҚҚА ЕШТЕҢЕ ЖАҚПАЙДЫ»
Еске сала кетейік, бұған дейін танымал әнші Ақбота Керімбекова Qazaqstan ұлттық арнасының «Жұлдызды жұп» жобасының продюсері Динара Адамнан қорлау сөз естігенін айтып, «Қазақстан» телерадио корпорациясының басқарма төрайымы Ләззат Танысбайға үндеу жолдаған болатын. Сондай-ақ әнші қазаққа ештеңе жақпайтынын айтып, қынжылған еді.