×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Жекелеген адамдардың ипотека қарызы өтеледі

08.12.2021, 13:27
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде тараған, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша несие рақымшылығы жарияланады деген ақпаратты жоққа шығарғанымен, жекелеген санаттарға дегенмен ипотека қарызы бойынша көмек көрсетілетінін растады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазіргі уақытта 2007-2008 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысынан, сондай-ақ ұлттық валюта бағамының әлсіреуінен барынша зардап шеккен ипотекалық қарыз алушылардың жеке санатына көмек көрсету үшін агенттік 2015 жылдан Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда екені аян. Осыған орай, қаржылық қолдау 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін валюталық ипотекалық қарыз алған қарыз алушыларға көрсетілмек.

«Бағдарламада белгіленген қаржылай көмек шаралары жалғыз баспанасы бар қарыз алушылар және халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы борышкерлер үшін пайыздық мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендетуді көздейді. Қалған валюталық ипотекалық қарыз алушылар үшін пайыздық мөлшерлеме 12%-дан аспайды. Бұдан басқа, бағдарлама шеңберінде сыйақы, айыпақы (өсімпұл, айыппұлдар) және комиссиялар бойынша мерзімі өткен берешек есептен шығарылды», – дейді құзырлы орын өкілдері.

Валюталық ипотекалық қарыздарға қатысты берешекті Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (1 АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) теңгеге конвертациялау жүргізілген.

«Ал 2020 жылғы қаңтардан бастап бағдарламаға қатысатын халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы ипотекалық қарыз алушылар үшін қосымша көмек шаралары іске асырылуда. Мұндай қарыз алушыларға қолдауды банктер олардың қаржылық және әлеуметтік жағдайын жан-жақты талдау негізінде жеке тәртіппен көрсетуде, талдау нәтижелерінен кейін банктер қарыз бойынша берешекті төмендету және 20 000 теңге мөлшеріндегі ай сайынғы төлеммен жеңілдік берілген кестелер белгілеу туралы шешім қабылдайды. Қарыз алушылардың бұл санатына қолдау көрсету 2021 жылдың соңына дейін аяқталады», – деп ескертеді агенттіктен.

Серіктес жаңалықтары