23 жастағы қазақстандық әлемдегі ең ақылды адамдар тізіміне енді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алдияр Семедьяровтың IQ коэффициенті Векслер шкаласы бойынша 135-тен асады. Ол ақыл-ой деңгейі жоғары адамдар үшін ең ірі және әйгілі ұйым саналатын «Менсада» тест тапсырып, халықаралық ұйымның мүшесі болды. Тиісті ұйымға тағы бір қазақ баласы – Димаш Әділет алғаш боп енген.
ҰБТ-да 124 балл жинап, мектепті «Алтын белгімен» (алтын медаль) бітірген Алдияр Ақтауда туып-өскен. Назарбаев университетінде оқыған. Өткен жылы Швейцарияның ETH Zurich институтына «электр инженериясы» мамандығы бойынша магистратураға түскен.
Алдиярдың IQ деңгейі Вехслер шкаласы бойынша 135-тен асады, бұл әлем халқының 99 пайызының IQ деңгейінен жоғары.
«Мектеп мені тәртіпке үйретті және Назарбаев университетінде әрі қарай оқуыма барлық пәндер бойынша мықты негіз берді», – дейді Алдияр Семедьяров.