×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Тоқаев көп ақша берді»: Жүрсін Ерман ауыр дертпен қалай күрескенін айтты

«Тоқаев көп ақша берді»: Жүрсін Ерман ауыр дертпен қалай күрескенін айтты
Фото: instagram.com/kazyret_berdikhan

Айтыс жанашыры, белгілі ақын Жүрсін Ерман «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында ауыр дертке шалдығып, шетелге ем алуға баруына Қасым-Жомарт Тоқаев ықпал етіп, қолұшын созғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«АЯҚТЫ КЕСПЕСЕ, ӨЛІП ҚАЛАСЫЗ»

Ақынның айтуынша, дәрігерлер аяғын кесеміз деген соң, ол Швейцариядағы құдасы – ДДСҰ басшысына аттанған.

“Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керектігін айтты. «Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың» деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры, – дейді Жүрсін Ерман.

«ПРЕЗИДЕНТ ОНЫ ӨЗІ АЙТПАЙДЫ»

Ол тәуір болып кетуіне халықтың да қолдауы дем бергенін жеткізді.

Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты. Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев барып емделіп кел деп, көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен біліп тұрмын, риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні аураханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді, –  дейді жан сырын ақтарған ақын.

ЖҮРСІН ЕРМАН

Жүрсін Молдашұлы Ерман – 1951 жылы қазіргі Ұлытау облысында дүниеге келген. Белгілі ақын, журналист. Қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы. Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы. Әр жылдары Еуразия ұлттық университетінде, “Қазақ радиосында” басшылық қызмет атқарған. 

Еске сала кетсек, былтыр Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тараған. Кейін қызы әкесінің жағдайын баяндады. Ақынның ота жасатқан аяғы жазылмай, асқынып кеткені белгілі болды. Сонымен қатар ақын Еуропаға барып, өзі ем алып жатқан Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдаған еді.

Айта кетейік ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус – белгілі ақын Жүрсін Ерманның құдасы. ДДСҰ басшысының үлкен ұлы Жүрсін Ерманның жиен немересіне үйленген.