×
497.26
525.21
4.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.26
525.21
4.97

«Исламды жамылған педофилдер»: депутат Бәпиді діни ағымдардың әрекеті шошытты

«Исламды жамылған педофилдер»: депутат Бәпиді діни ағымдардың әрекеті шошытты
Коллаж The Экономист

Бұған дейін Иракта қыздардың неке жасын 18-ден 9 жасқа дейін төмендететін заң жобасы дайындалып жатқанын жазған едік. Осы орайда Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жауыздық әрекетті жазғырып, ал тиісті мемлекеттік органдар бақылауды күшейтуі керек екенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«АДАМ АЙТҚЫСЫЗ ҚАТЫГЕЗДІК»

Құдай сақтасын! Қазақстан Мұсылмандарының діни басқармасы (ДУМК) адамзатқа қарсы жасалмақ мынау жауыздық әрекетті үзілді-кесілді жазғырып, мәлімдеме жасауы керек деп ойлаймын! Адам айтқысыз бұл қатыгездікке елдегі теріс діни ағымдардың жекелеген өкілдері елігіп кетудің алдын алу үшін тиісті мемлекттік органдар бақылауды күшейтуі керек! – деп жазды ол facebook-парақшасында. 

Ермұрат Бәпи мұндай заң жобаларын «ислам атын жамылып, педофилдерге азғын пиғылын жүзеге асырудың амалы» деп айыптады.

Бұл ұсынысты ультра консервативті шиит партиялары енгізіп, жеке мәртебе туралы заңдарды түбегейлі өзгертуге шақырды.

ТАҒЫ ДА ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Тозақ туралы уағыз айтқан»: Ақтөбе облысында бұрынғы имам әйелін ұрып, қамап ұстаған

«Имамдар қайыршы кебін киіп жүр»: журналист ҚМДБ молдаларды баспасөзге күштеп жаздырып жатқанын айтты

Молдалардың қазақтың тарихы мен салт-дәстүрінен емтихан тапсыруын талап етемін – желі қолданушысы

ИРАКТЫҢ «УӘЖІ» ҚАНДАЙ

Заң жобасында тек некеге тұру жасын төмендету ғана емес, әйелдерге қатысты басқа да бірқатар шектеулер қарастырылған. Түзетулер қабылданса, Ирак әйелдері ажырасу, балаға қамқорлық және мұрагерлік құқықтарынан айырылады.

Билік коалициясы ұсынылып отырған өзгерістер қатаң ислам заңдарына сәйкес келеді және жас қыздарды «әдепсіз қарым-қатынастардан» қорғауға бағытталған дейді.

Дегенмен, заң жобасы Иракта да, шетелде де айтарлықтай дау тудырды. Қарсыластар мұндай жаңашылдықтар әйелдер мен қыздардың құқықтарына нұқсан келтіріп, олардың қоғамдағы жағдайын нашарлатуы мүмкін деп санайды.

Басқарушы коалиция өкілдері түзетулер «отбасылық құндылықтарды сақтауға» және жастарды мүмкін болатын моральдық қауіптерден қорғауға көмектеседі деп сендіреді.