×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

10.12.2021, 18:56
Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевті 4,5 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы azh.kz-да жазылды. Кейбір дереккөз бойынша бұл – Абай ескерткішін орнату бойынша 150 миллион теңгенің тендері үшін берілген пара. Бұл 15 миллион теңгенің (10%) бірінші траншы болды.

Сондай-ақ, Б.Хаменованың кабинетінің мөрленген есігінің суреті жарияланды.

ulysmedia.kz. Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Қалымбайға хабарласты, алайда ол телефон тұтқасын көтерген жоқ.

Еске сала кетсек, осыменен Махамбет Досмұханбетовтың үшінші орынбасары күдікке ілініп жатыр. Бұған дейін орынбасарлары шетінен істі болған Досмұхамбетов қалай жұмыс істеп жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары