×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Орынбасарлары шетінен істі болған Досмұхамбетов қалай жұмыс істеп жатыр

26.11.2021, 15:11
Коллаж: ulysmedia.kz.

Осыдан екі жыл бұрын 61 жастағы Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Саяси лауазымға әкім «соло» стилінде келіп, бір жылдың ішінде командасын жасақтап алуға тырысты. Алайда сарапшылар түгілі өңір тұрғындарының өзі бұл күнде әкімнің командасын әлсіз, басқару жағынан қабілетсіз екенін айтып жүр. Шынында да солай ма? Ulysmedia.kz порталы Атырау облысы әкімі командасының жұмысына шолу жасап көрді.

ҰЛЫ КЕҢЕС БЕРГЕН-МЫС

Махамбет Досмұхамбетов Атырау өңіріне әкім болып келмес бұрын аймақ халқы бұл лауазымға жергілікті біреу отырса деп армандаған-тын. Себебі Бергей Рысқалиевтен кейін әкімдердің бәрі көрші Батыс Қазақстан облысынан тағайындалып келді. Ұлттық қордың нөмір бірінші донор-аймағы саналатын Атырау облысының әкімі - абыройлы отбасынан шыққан, мұнайшының ұлы болып шықты. Алайда бірнеше ай өткеннен кейін-ақ өңір тұрғындары майпаздап айтқанда әкімнің жұмысынан кемшілікті байқай бастады. Бәлкім, оған дейін энергетика вице-министрі лауазымында болған Махамбет Досмұхамбетовтың басқарушылық әрі шаруашылық тәжірибесінің болмауы да себеп болуы мүмкін. Жұмыстың кемшілігі әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде айқын көріне бастады. Наразылықтар барысында көп адам әкімді кездесуге шақырған, алайда өңір басшысы тек әкімдіктің отырыстары мен ресми іс-шараларда ғана бой көрсетіп жүрді.

Әкім болғаннан кейін Махамбет Досмұхамбетов әуелі Нұрлан Ноғаевтың командасымен жұмыс істеп көрді, алайда Ноғаевтың «адамдары» Үкіметте лауазымға ие бола бастады (ол туралы кеңірек алда айта отырайық). Сол себепті Махамбет Досмұхамбетовке негізгі лауазымдарға не болмаса жеке сенімі, не болмаса Ақорда арқылы тағайындауына тура келіп жүрді. Кей сыбыстарға сенсек, кейбір шенеуніктерді орынтаққа тағайындауды оған мұнай саласында тәжірибесі бар ұлы кеңес берген көрінеді.

ТАУБАЕВТЫҢ ОРНЫНА АЙДАРБЕКОВ

Облыс әкімінің бес орынбасары бар. Біріншісі – 46 жастағы Серік Айдарбеков. Бұрын ол Мәжіліс аппаратын басқарған. Серік Айдарбеков облыс үшін бейтаныс адам емес. 2010-2012 жылдары Бергей Рысқалиевтің тұсында облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Кейін Бақтықожа Ізмұхамбетовтың кезінде Атырау қаласына әкім болып, ол жерден Нұр-Сұлтанға кеткен.

Серік Айдарбеков мердігерден 182 миллион теңге алды деген күдікпен ұсталған Нұрлан Таубаевтың орнына тағайындалды. Облыс әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот процесі әлі бітпеген, себебі Таубаев өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Неге бұрынғы дейміз? Өйткені тергеу изоляторында отырған Нұрлан Таубаев әкімге облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатуды сұрап хат жазған екен. Осылайша, оның орнына бірден Серік Айдарбеков келді. Әрине, Ақорда оның кандидатурасын ұсынды.

Сәуір айында сот облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Серік Қамидолланы Қылмыстық кодекстің 361-бабы («Лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану») бойынша кінәлі деп таныды. Осыдан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары әрі басқа шаруалармен қатар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды қадағалайтын Серік Айдарбеков қызметінен кету туралы арыз жазған. Алайда Махамбет Досмұхамбетов оны қабылдамай, қатаң сөгіспен шектелді.

«Серік Кенғанұлы Айдарбеков ол кезде үш ай ғана орынбасар болып, басқармаға аз ғана уақыт жетекшілік еткен. Сондықтан оның отставкаға кетуіне негіз жоқ деген шешімге келдік», - деп түсіндірді облыс әкімі.

Айта кетейік, Серік Айдарбеков Атыраудың «ақ үйіндегі» елеулі тұлға.

«ДОСЫ» ҰЗАҚ ОТЫРМАДЫ

Сондай-ақ облыс әкімінің жанына Махамбет Досмұхамбетовтің ұлымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Жастар кадрлық резервіне алынған, сондай-ақ мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеген 36 жастағы жас орынбасары – Ержан Әбілханов та болған. Ол тіпті Энергетика министрлігінде облыс әкімімен еңбектеніп үлгерген. Неге екені белгісіз, ол лауазымда көп аялдаған жоқ. Сыбыстарға сенсек, ол мұнай саласына қайтып барған.

МЕМ ХАНШАЙЫМЫ

Облыс әкімінің ең танымал орынбасары – 40 жастағы Бақытгүл Хаменова. Ол облыс әкімінің орынбасары лауазымына Парламент Мәжілісінің депутаттары қатарынан келді. Хаменова Астананың атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы бастамасымен бүкіл қазақстандықтардың есінде қалғаны белгілі. Айтқаны келді ақыры. Ол әртүрлі мәлімдемелері үшін сынға жиі ұшырайды. Тіпті интернетте ол туралы "мем" көп.

«Қанша адам - ​​сонша пікір бар. Бізде түсіністік болуы керек. Бірақ адамды ренжіту - әр адамның өз деңгейі. Мен екі рет Мәслихат депутаты болып сайландым. Сіз де ет пен сүйектен жаралғансыз. Әрине, мен ренжідім. Неге халық мені түсінбеді? «Жата-жастана жыладым» немесе ренжідім демеймін. Түсініспеушіліктен, әрине, өзімді жайсыз сезіндім. Бірақ уақыт емдейді деп ойлаймын», - дейді бұл жөнінде Бақытгүл Хаменова.

Таяуда Атырау облысының әкімдігі ревакциналаудан өтіп жатқан Хаменованың фотосын таратты. Сол тұста татуировкасы көрініп қалды. Өзі кейін бұл нақты татуировка емесін, өшірілетінін айтып ақталған. Мемлекеттік БАҚ-тың көбі бұл жайлы жазбады.

БҰЛ ЖОЛЫ ОРАЛДАН ЕМЕС

Облыс әкімінің 43 жастағы орынбасраы Қайрат Бекенов Ақтөбеден келген. Қайрат Бекенов тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясын басқарған.

ӘКІМДІКТЕ «КҮДІКТІЛЕР» КӨБЕЙЕ БАСТАДЫ

Журналист Фархат Әбіловке қарсы арыз жазғаны 48 жастағы Қайрат Нұрлыбаевты бәрі білетін шығар. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол Атырау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, қаңтар айынан бастап қала әкімінің орынбасары болды. Жуырда журналист облыс әкімінің орынбасары ауыл шаруашылығы басқармасын басқарған кезде заңсыз 80 миллион субсидия бөлді деген күдікке ілінгенін жариялады. Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі ақпаратты растап, күдікті ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқанын және одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынғанын хабарлады. Қазір күдікті өз қызметінде жұмысын жалғастырып жатыр.

Облыс әкімінің 54 жастағы орынбасары Нариман Таушовты "Ақ үйдегі" ең тыныш шенеунік. Көзге көп көріне бермейді, бұқаралық ақпарат құралдарына шыққысы жоқ.

Жақында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистерді ең алдымен бюджет қаржысын жымқыру ісіне қатысы Досмұхамбетовтың екі орынбасары жайлы сұрақ көбірек қойылды.

«Бірақ мен әзірге қандай да бір қорытынды жасаудан аулақ боламын. Бұл істерге қатысты тергеу әрекеттері әлі аяқталған жоқ, сондықтан оларға қандай да бір баға беріп, қорытынды шығару әлі ерте», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

ПРЕЗИДЕНТТЕН ЖӘНЕ КАБМИННЕН СӨГІС

Бұл Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен оның орынбасарларына қысқаша шолу ғана. Коронавирус пандемиясы кезінде облыс әкімінің жұмысын сынағандар көп болды, тіпті Қазақстан Республикасының Президенті оған сөгіс жариялады, ал оның орынбасары Қайрат Нұрлыбаев үкімет отырысында қатаң сөгіс алды. Айтпақшы, сөгіс алдында шарасыз атыраулықтар әлеуметтік желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа дәрі-дәрмек жағынан көмек сұрап, дәрігерлерді жіберетін ашық хат жариялап жатыр. Президент Twitter парақшасында қоғам өкілдерінің үндеуімен танысып, көмектесуге уәде берді.

Осы фактілердің барлығы облыс әкімі командасының бағасын төмендетеді. Бірақ заңды сұрақ туады: оларды халық қалай бағалайды? Мұны мұнайлы өлкенің тұрғындарының өзі пайымдауы керек.

Серіктес жаңалықтары