ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
9 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 9 адам коронавирустан, тағы 2 сырқат пневмониядан көз жұмды. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Қарағанды облысында – 3 науқас. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қостанай, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында бір адамнан көз жұмған. Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.