×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Алматы тұрғын үй кешеніндегі өрт: үш бала ауруханаға жеткізілді

11.12.2021, 15:14
Фото: Polisia.kz

Үйдегі 177 тұрғыны эвакуацияланып, 27 адам құтқарылды, оның алтауы – бала, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Polisia.kz-ның мәліметінше, «Алтын бұлақ-2» ТК тұрғындарын құтқаруға 35 полиция қызметкері қатысты.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Брусиловский көшесінде орналасқан «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің 18 қабатты үйінен қою түтін шыққаны туралы дабыл қаққан хабар түнгі сағат он екілер шамасында түскен. ЖБО жедел кезекшісі өрт орнына дереу патрульдік полицияның 13 экипажын жөнелтті. Сондай-ақ, өрт орнына іргелес жатқан көрші аудандардан да адамдар тартылды.

Ең алдымен осы үйдің 177 тұрғыны эвакуацияланды. 27 адам құтқарылды, оның алтауы балалар. «Жедел жәрдем» бригадалары жану өнімдерінен уланған 2020 және 2021 жылы туған үш сәбиді шұғыл түрде 1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізді. Сағат 01:45-те өрт сөндірілді, оның себебін сараптама анықтайды.

Еске сала кетсек, кеше Алматыда «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер өртеніп жатқаны туралы жаздық.
 

Серіктес жаңалықтары