×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Мемлекеттік наградаларды кімдердің алғаны белгілі болды

13.12.2021, 08:23
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар Қазақстан азаматы мемлекеттік марапат иеленді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар», - деп жеткізді Ақорда.

ӘКІМ ТАРАЗИДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Осылайша «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық, денсаулық сақтау салаларын дамытудағы және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жазушы Ә.Әшімовке (Тарази), Нұр-Сұлтан қаласындағы «Онкологиялық орталық» МКК бас дәрігері М.Төлетаевқа, Шығыс Қазақстан облысының «Қазмырыш» ЖШС бас директоры А.Хмелевке берілді.

«Отан» орденімен жазушы С.Досанов, еңбек ардагері М.Жолдасбеков, ақын А.Бақтыгереева марапатталды.

БИЗНЕСМЕН БЕЛОВИЧ ПЕН ЖАЗУШЫ ИСАБЕКОВ

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Конституциялық Кеңес төрағасы Қ.Мәми, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы А.Айдарбаев, «А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Б.Баймаханов, «Bazis Holding Сompany» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы А.Белович, жазушы Д.Исабеков, Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр марапатталып отыр.

ӘБІҚАЕВ ПЕН НАЗАРБАЕВА БІР-БІР ОРДЕН ТАҒЫНДЫ

І дәрежелі «Барыс» орденін алғандардың қатарында «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректор Т.Есполов, «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Н.Абықаев, Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМКК филиалының директоры А.Қоразбаев, ENRC PLC компаниясының акционері – негізін қалаушы А.Машкевич, Парламент Мәжілісінің депутаты Д.Назарбаева есімдері аталады.

НҰРЖҰМАН ЫҚТЫМБАЕВ «БАРЫС» ОРДЕНІН АЛДЫ

ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Парламент Сенатының төрағасы М.Әшімбаев, «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актері Н.Ыхтымбаев, ақын әрі жазушы В.Михайлов, ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев, еңбек ардагері Ә.Тұяқов.

ОГАЙ, ТІЛЕУХАН, СЫДЫҚОВТАР ҰМЫТ ҚАЛМАДЫ

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен мәдениеттанушы К.Абаев, «Ұлттық банктің Банкноттық фабрикасы» РМК бас директоры Б.Әлжанов, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, еңбек ардагерлері: М.Байғұт, Ғ.Байназаров, Р.Түсіпбеков, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Е.Бахмутова, «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» ЖШС директоры С.Жошыбаев, «Қазақстан жазушылар Одағы» РҚБ төрағасы Ұ.Есдәулет, ақын Х.Есенқарақызы, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Есілов, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМКК әртісі Н.Нүсіпжанов,

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Э.Огай, «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ профессоры К.Ормантаев, «BI Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы А.Рахимбаев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы А.Сәтқалиев, «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессоры Е.Сергебаев, «Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректор Е.Сыдықов, Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Тілеухан, «Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы» РҚБ төрағасының бірінші орынбасары З.Тұрысбеков еленді.

БАНКИР ЛОМТАДЗЕ ТАҒЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ІІ дәрежелі «Достық» орденіне Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.Әзімова, «Kaspi.kz» АҚ басқарма төрағасы М.Ломтадзе ие болды.

«Құрмет» орденімен марапатталғандардың ішінде шахматшы Ж.Әбдімәлік, «Жекпе-жек өнерінің Ассоциациясы» ЗТБ президенті Б.Ыстыбаев бар.

Жалпы Тәуелсіздік мерекесіне орай мерейі үстем болғандардың толық тізімі баспасөзде жарияланбақ.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығы екі жұмысқа берілді.

Серіктес жаңалықтары