×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Цифрлық теңгеге қатысты шешім 2022 жылы қабылданады

15.12.2021, 22:21
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк цифрлық теңгені енгізу бойынша пилоттық жобаның бірінші кезеңінің қорытындылары туралы есеп жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2021 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығының қатысушыларымен, сарапшылар қауымдастығымен және халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастықта «Цифрлық теңге» пилоттық жобасын іске асырды.

Пилоттық жобаның 2021 жылға арналған негізгі мақсаты бөлінген реестр технологиясының базасында жеке платформаның технологиялық тұрғыда қалай жүзеге асатынын растау үшін жасалған сынақ арқылы цифрлы теңгенің тұжырымдамасы қаншалықты өміршең екенін тексеру, сондай-ақ, мүдделі тараптармен бірлесе отырып Қазақстан үшін орталық банктен цифрлық валюта үлгісіндегі негізгі параметрлерді анықтау еді.

Пилоттық жоба аясында цифрлық теңгенің айналымға ену циклінің базалық сценарийлері – эмиссия сатысынан бастап цифрлық валютаны пайдалану арқылы сатып алуға және аударым жасауға дейінгі сатылар жүзеге асырылды.

Жүзеге асырылған технологиялық шешімнің артықшылықтары

  • Меншік құқығы токен алды: пайдаланушы цифрлық теңгені ұялы телефондағы (немесе басқа құрылғыдағы) цифрлы әмиянында токен түрінде сақтай алады, сол арқылы өз ақшасын толық бақылауда ұстайды
  • Офлайн-режимдегі төлемдер: цифрлық теңгені пайдаланатын адам сатушыда да, өзінде де интернеттің жоқтығына қарамастан, сауда жасай алады
  • Құпиялық шарттарын реттеуге болады: транзакция мәліметтерін есеп айырысқан тараптардың бәрінен жасырып қоюға болады (пайдаланушының таңдауына қарай), солай бола тұра тиісті тексерулер жасауға болады
  • Арнайы мақсаттағы токендер: цифрлық теңгені программалаудың арқасында токеннің құрылымында шығындарға шектеу қоюға болады және мақсатты пайдалануды оңай бақылауға болады.
  • Интеграцияның қарапайым түрі: цифрлық теңгенің инфрақұрылымы арқасында екінші деңгейлі банктер мен қаржылық-технологиялық компаниялар оны оңай қостырып, цифрлы қаражатты пайдаланудың жеке дара сценарийін жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Яғни, нарықтағы ескі компаниялар да, жаңа компаниялар да осындай мүмкіндікке ие болады.

Жобаны жүзеге асыруда жеке цифрлық валюталарды токендеуде көш ілгері келе жатқан өзге де орталық банктердің халықаралық тәжірибесі ескерілді.

Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім 2022 жылдың соңында қабылданады.

Серіктес жаңалықтары