×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Бақытгүл Хаменова 2 айға изоляторға қамауға алынды

22.12.2021, 20:41
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Атырау облыстық соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты екі айға қамауға алуға санкция берді. Енді ол сотқа дейін тергеу изоляторында болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Атырау облысының прокуратурасы тергеу сотының шешіміне қатысты облыстық сотқа шағым түсіріп, облыстық сот қадағалау органының шағымын қанағаттандырды. Кейін ол қамауға алынып, тергеу изоляторына жеткізілді.

Еске сала кетсек, 12 желтоқсанда Атырау қалалық мамандандырылған тергеу соты Бақытгүл Хаменоваға қатысты үйқамаққа алу туралы санкция берген болатын. Қылмыстық іс баптың 2-бөлігі бойынша тергелуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы («Аса ірі мөлшерде пара алу»). Ол және облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасасу үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Серіктес жаңалықтары