×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

4 млрд теңгелік келіссөз: Ресейге картоп экспорты неге тоқтатылды

23.12.2021, 20:00
4 млрд теңгелік келіссөз: Ресейге картоп экспорты неге тоқтатылды
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан Ресейге картоп экспортын шектеу мәселесі көтерілгелі өндірушілердің 4 млрд теңге көлемдегі келісім-шарты күйіп кеткелі отыр. Осы орайда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев картоп экспортын тоқтату себебін елдегі бағаның күрт көтеріліп кетпеуі үшін қабылданған шара екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, күзде Ресей Федерациясында картоп тапшылығы болып, олар картопты ТМД елдерінен, оның ішінде Қазақстаннан тасуды жөн көрген.

«Картоп экспорты басталғанда назарда ұстап отырдық және күрт артып кетті. Бұлай кете берсе көктемде бағасы 800 теңгеге дейін баруы мүмкін еді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне жұртшылық тарапынан қатты сын айтылды. Осыған байланысты деректерге сүйене отырып, 25 желтоқсаннан бастап картопты экспорттауға толық тыйым салатынымызды хабарладық. Осы ретте ведомствоаралық комиссия құрдық. Жұмыс алдағы күндері аяқталады, қосымша хабарлаймыз», – деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, көрші Қырғыз Республикасы көп көлемдегі картопты көрші елдерге әлден экспорттап үлгерген. Сондай-ақ су тапшылығы мәселесіне байланысты Өзбекстан да картопты Қазақстанна сатып алуға бейілді.

«Ресей Федерациясының өзінде картоп 8,3 пайызға аз жиналды. Осындай жағдайды ескере отырып, құрамына 5-6 министрлік кіретін ведомствоаралық комиссия құрылып, шешім қабылдады. Осыған орай, алдағы уақытта шешімді одан әрі реттейтін боламыз. Картоп экспорты қазір толық тоқтады, өйткені бұл шешім Қазақстан азаматтарының мүдделерін қорғауға бағытталған. Картоп бағасы 300 теңгеден 800 теңгеге дейін қымбаттап кетпеуі үшін жасалған қажетті шара», – деді Ербол Қарашөкеев.

Ал келісім-шарты күйіп кеткен кәсіпкерлер қолда бар қорымен отандық нарыққа бейімделуі қажет.

«Қазір қолда бар мәлімет бойынша, қор жеткілікті екенін көрсетіп отыр. Сондықтан экспортшылар өзіміздің нарыққа қайта бағыт алуы керек», – деп қосты министр.