Желіде осындай бастама көтерілді. Ала жаздай жұт жайлаған ел өңірлеріне шөп жіберуге жанталасқан Құрмет Талапқазының өзі Шымкент маңынан жер үй алып, кәсіп бастауды, Қытайдан әке-шешесі мен бауырларын көшіріп алуды армандайды. Бұл туралы өз парақшасында журналист Мақсат Толықбай жазды.
«Үш күннің ішінде асарлатып жіберсек, бұйырса, жаңа жылда Құрмет жаңа баспанаға кіреді», – деп белсенді әрекетке шақырды жазба иесі.
Еске сала кетсек, Құрметтің бұған дейін еткен еңбегі елеусіз қалмай, мемлекет тарапынан оқуға түсуге көмек көрсетіліп, елдегі партиялардың бірі 2 млн теңге грант табыстады.
Біз сайт жұмысын жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты қолдануды жалғастыру арқылы сіз құпиялылық
туралы шарттарымызбен келісетініңізді білдіресіз.