×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Құрмет Талапқазы Әуезов университетінде тегін оқи алады

14.12.2021, 19:05
Фото: Qasqa Jol / Қасқа жол

Әлеуметтік желіде қоғам белсенділері ерікті Құрмет Талапқазының жоғары оқу орнында оқуына мүмкіндік жасалуын сұрап, университет ректорларына үндеу жариялаған еді. Осы орайда Құрмет Талапқазы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқи алады деген шешім қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Білім және ғылым министрінің жоғары оқу орындары ректорларымен өткізген жиналысында Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығына қала тұрғыны Құрмет Талапқазыға тегін оқу құқығын беру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Шешім бойынша, енді Құрмет Талапқазы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқи алады.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиеваның айтуынша, министр Асхат Аймағамбетов Құрмет Талапқазымен телефон арқылы сөйлесіп, оған тілектес екенін жеткізген.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мейрамы қарсаңында Ulysmedia.kz редакциясы Құрмет Талапқазыға арнайы хабарласып, қоғамдық істегі қызметі мен еңбектегі жетістіктері жайында сұхбаттасқан болатын. Әңгіме барысында ол «ендігі арманым – үзіліп қалған оқуын жалғастыру» деген еді. 

Серіктес жаңалықтары