×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстандықтар зейнетақы қорынан «Отбасы банкіне» 23 млдр теңге аударды

24.12.2021, 18:15
Қазақстандықтар зейнетақы қорынан «Отбасы банкіне» 23 млдр теңге аударды
Фото: ашық дереккөз

13 000 қазақстандық жалпы сомасы 23 000 000 000 теңге құрайтын біржолғы зейнетақы төлемдерін Отбасы банкіндегі депозиттеріне аударды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Отбасы банкі» баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл процесс жалғасуда. Президенттің тапсырмасына сәйкес жеткіліктілік шегін өзгерту 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін шегерілді.

«Депозиттегі БЗТ қаражатын – Отбасы банкте ипотека рәсімдеу үшін бастапқы жарна ретінде 3 жыл ішінде пайдалануға болатынын еске саламыз! Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шаралар тек ЭЦҚ көмегімен компьютерден ғана қолжетімді болатынын ескеріңіз. Мобильді нұсқада қол жетімсіз. ЭЦҚ арқылы enpf-otbasy.kz платформасына кіру үшін NClayer сертификаттарын орнату қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтында орнатуға болады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өтінім беру және арнайы шоттағы зейнетақы төлемдерін депозитке аудару туралы бейне нұсқаулықтарды @otbasy_bank_kz парақшасындағы актуалды стористерде немесе YouTube арнасынан қарауға болады.