×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстандықтар корпоратив орнына сыйлық алғысы келеді

25.12.2021, 10:17
Қазақстандықтар корпоратив орнына сыйлық алғысы келеді
Фото: ашық дереккөз

Жаңа жылдық корпоративтік кештерге Қазақстандықтардың 48%-ы ғана барғысы келеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

HeadHunter-дің мәліметінше, биыл жаңа жылдық корпоративтік кештерді қазақстандықтардың 46%-ы тойлайды. Олардың басым бөлігі кеңсе қызметкерлері. Мерекені онлайн форматта өткізуге шешім қабылдаған компаниялар да бар.

Ұйымдардың 54%-ы мерекеден бас тартты немесе қай күні өтетінін әлі шешкен жоқ. Сауалнамаға қатысушылардың кейбірі эпидемиялық жағдайдан қорқып, корпоративтік іс-шараларға бармайтындарын айтқан. Жұмыс берушілердің 62%-ы корпоративке төлем жасайды. 14% жағдайда мерекелік кеш тек қызметкерлер есебінен өткізіледі.

Егер таңдау мүмкіндігі болса, онда көпшілік, яғни бұл 78% корпоративтік кешке бармай, ақшалай сыйлық алғанды ​​қалайды.