×
492.65
525.71
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
492.65
525.71
5.03

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арзандады

25.12.2021, 13:22
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арзандады
Фото: ашық дереккөз

Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өткізген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу мәселелері бойынша кеңесте айтылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бағаның ең көп төмендеуі Түркістан облысында және Нұр-Сұлтан қаласында (-0,6%), Жамбыл облысында (-0,3%), Шымкент қаласында (-0,2%) тіркелді.

Тауарлар бөлінісінде республика бойынша сәбіз (-2,2%), картоп (-0,5%), пияз және рожки (-0,4%), сиыр еті (-0,3%), күріш (-0,2%), сүт және қарақұмық (-0,1%) бағасының төмендеуі байқалады. Қалған өнімдер бойынша бағалар тұрақты.

Форвардтық сатып алу қорытындысы бойынша 2021 жылы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 572 мың тонна астық, оның ішінде 539 мың тонна бидай сатып алды. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ішкі нарыққа 475 мың тонна бидай жіберу жоспарланып отыр.