ҚР Президентінің телерадиокешенінің Телеграм-арнасында 1997 жылдың бейнемұрағатындағы кадрлары жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Бүгін сіздерге 1997 жылдың бейнемұрағатындағы кадрларды дайындадық. Осы тарихи күнді еске алайық!», - деп жазылған хабарламада.
1997 жылы 8 қарашада Ақмолаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің эталондары – Туы, Елтаңбасы және Президент штандарты жеткізілді.