×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақбұлақтағы үй 102 миллион теңгеге кепілге қойылған - Банк мәлімдемесі

21.09.2021, 16:50
Ақбұлақтағы үй 102 миллион теңгеге кепілге қойылған - Банк мәлімдемесі
фото: ашық дереккөзден

Кеше Алматыдағы атыстан бес адамның қаза тапқаны туралы жаңалық елімізді дүр сілкіндірді. Үйінен күштеп шығарылып жатқан қала тұрғыны сот орындаушысы, учаскелік полицейлер мен жылжымайтын мүліктің жаңа иесіне оқ атты. Банк ЦентрКредит оқиғаға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Біз барлық даулы жағдай құқық шеңберінде ғана шешілуі тиіс деген ойдамыз. Сондықтан осы іс бойынша ақпарат беруді жөн санаймыз. 2011 жылғы шілдеде «Нано Плюс» ЖШС-ке жалпы сомасы 102 000 000 теңгеге екі зайым берілді. Бұл ақша негізгі қарыз және пайыздар бойынша төлемді 6 айға кейінге шегеру шартымен берілген. Келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл шарттары бекітілді. Оларға сәйкес, кепіл ретінде бос ғимарат, жер учаскесі мен Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Ақбұлақ» шағын ауданы, Сыздықов көшесі, 29 үй мекенжайында орналасқан тұрғын үй қабылданды», - дейді банк.

БЦК мәліметінше, қарыз алушы міндеттемелерін орындамай, төлемдерді кешіктірген. Осылайша, іс сотқа дейін жеткен. Кейін кепілдегі мүліктер біртіндеп сатыла бастаған. Оның қатарында «Ақбұлақ» шағын ауданындағы үй де бар. Қайғылы оқиға осы үй маңында болған.