×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Жаңажылдық салаттарды сақтау тәсілі айтылды

01.01.2022, 11:03
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Жаңа жыл мерекесінен кейін салаттарды қалай сақтауға болатынын аспаз радиоға берген сұхбатында бөлісті деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Телеарнада ас дайындау бағдарламасын жүргізетін ресейлік маман Антон Калердің айтуынша, оливье мен майшабақтан жасалған сияқты дәстүрлі салаттар негізі тез бұзылатын тағамдар болып табылады. Санитарлық ереже бойынша майонез қосылған салаттарды сақтау мерзімі - 12 сағат.

«Майонез қосылмаған салат он сегіз сағат бойы сақталуы мүмкін. Содан кейін онда бактериялар өрбиді және улану қаупі бар. Сондықтан, біз салаттарды жеті күн бойы еш шімірікпестен жей бергенде, мен оны жаңажылдық ғажайып деп атаймын», – дейді бас аспаз Антон Калер.

Бірақ аспаз салаттың «өмірін» егер сыртын дұрыс қаптаса, бірнеше күнге ұзартуға болатындығын келтіреді.

«Егер сіз салатты пленкамен немесе қақпақпен жауып, өнімді ваккумдап тастасаңыз, оттегі өтпейтіндей етсеңіз, бұл сақтау мерзімін екі-үш күнге дейін арттыруы ықтимал. Бірақ бұл жерде барынша ұзақ уақытқа сеніп қалмай, нақты дәмі мен иісіне назар аудару қажет», – дейді сарапшы.

Салат пен көкөністі сақтауға арналған ең жақсы орын тоңазытқыш екені аян. Осы орайда, аспаз, майонез қосылған салат пен көкөністі сақтау үшін өте қолайлы температура +4...+°6C екенін нұсқайды. Ал балкон, салқын болса ғана, тамақты қоюға жарамақ.

«Егер балкондағы салат қатып қалса, ол ерігеннен кейін ботқаға айналады. Бұған жол бермеу үшін оттегінің қолжетімділігін мүмкіндігінше болдырмау үшін  салат салынған ыдысты немесе табаны жабысқақ пленкамен толығымен орап тастаған жөн. Қатты аязда қолдан термос жасай аласыз: салатты газетпен және фольгамен орап, соңында өнім ұзақ жатып, қатып қалмас үшін қайтадан пленкамен ораңыз», – дейді Антон Калер. 

Бұған дейін Алматы қаласының жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Андрей Ложкин де салаттан улану қаупін ескерткен болатын.                               

Серіктес жаңалықтары