Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл алған Daricorn лақап атымен белгілі блогер Дариға Нұркеева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Блогер апаттық жағдай жасамағанын айтты.
- Айыппұлды төледім. Жаңалықтарда “апаттық жағдай жасады” дейді. Мұны мойындамаймын. Жолға қарап келе жатырмын. Жан-жағымда көлік жоқ. Тұрып билеп жүрген жоқпын. Ал аздап махинация жасағаным рас, дейді блогер.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ
Бұған дейін Алматыда Daricorn лақап атымен белгілі блогер Дариға Нұркеева жол ережесін бұзып, полицияның күзіне түскен болатын. Алматылық полицейлер блогердің жол ережесін бұзғанын мониторинг жасау барысында анықтаған.
- Интернет-кеңістігін талдау барысында, белгілі блогер-қыздың жол қозғалысы ережесін демонстративті және өрескел бұзғаны – сигнал бермей, кенеттен қозғалыс жолағын ауыстырып, апаттық жағдай тудырған бейне түсірілген, дейді полицейлер.
ТЕРГЕУ
Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабының 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚбК-нің 606-бабының 1-бөлігі (апаттық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.