2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында елде шамамен 22,5 мың неке тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 мыңға (немесе 16%-ға) аз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОНЖЫЛДЫҚТАҒЫ ТӨМЕН КӨРСЕТКІШ
Бұл – 2014 жылдан бергі кез келген тоқсан ішіндегі ең төменгі нәтиже. Тек коронавирус шектеулері әсер еткен 2020 жылдың II тоқсаны ғана одан да төмен көрсеткішке ие болған (сол кезде 16,6 мың ғана неке тіркелген).
РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША
Неке санының азаюы Қазақстанның барлық өңірінде тіркелді. Алайда бұл төмендеуге ең көп ықпал еткен екі өңір –
Түркістан облысы: көрсеткіш 19%-ға қысқарды
Алматы қаласы: 21%-ға төмендеді
НЕКЕ КОЭФФИЦИЕНТІ ТӨМЕН
Неке жиілігін сипаттайтын жалпы коэффициент (1000 адамға шаққанда) да барлық өңірде төмендеді. 2025 жылдың алғашқы үш айында ел бойынша бұл көрсеткіш 4,47 болды, ал былтыр дәл осы кезеңде 5,33 еді.
Ең төмен коэффициент — Батыс Қазақстан облысында (3,72)
Ең жоғары — Алматы облысында (5,26)