×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Педагогтар мен тәрбиешілердің жалақысы тағы 25% өсті

13.01.2022, 13:56
Фото: ашық дереккөз

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждердің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі педагогтерінің жалақысы тағы 25% ұлғайды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен педагогтердің жалақысы 2020 жылдың қаңтарында 25 және 2021 жылдың қаңтарында тағы 25 пайызға өскен болатын. Осылайша, мұғалімдердің жалақысы екі есе ұлғаяды.

«Біз мұғалімдердің жалақысын көтерудің сөзсіз оң әсерін көріп отырмыз. Педагог кәсібіне қазіргі таңда үздіктер келеді. Педагогикалық мамандыққа түсетіндердің ҰБТ орташа балы айтарлықтай өсті және «Алтын белгі» иегерлерінің саны бірнеше есеге көбейді. Мұғалімдердің еңбекақысын арттыру ел болашағына үлкен инвестиция болып табылады. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап Президент Қ.К. Тоқаев тапсырғандай, барлық педагогтер жоғары жалақы алатын болады. Сонымен қатар, жалақымен бірге мұғалімдер алатын қосымша төлемдер де артады. Бұл – біліктілік санаты үшін (лауазымдық жалақының 30%-нан 50%-на дейін), магистр дәрежесі үшін, ағылшын тілінде пәндерді жүргізгені, дәптерлер тексергені, сынып жетекшілігі және тәлімгерлік үшін төленетін үстемеақылар», - деп атап өтті бірінші вице-министр Шолпан Каринова.

Педагогтердің жалақысы оқу жүктемесіне, білім деңгейіне, біліктілігінің, жұмыс өтілінің, магистр дәрежесінің болуына және басқа да қосымша ақыларға байланысты есептеледі.

Серіктес жаңалықтары