×
$
448.98
€
502.45
₽
5.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.98
€
502.45
₽
5.45

Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық төлемдерге қанша жұмсайтынын айтты

Бүгін, 11:12
Энергетика министрі жалақысы мен коммуналдық төлемдерге қанша жұмсайтынын айтты

Ерлан Ақкенженов коммуналдық қызметтерге ай сайын 75 мың теңге жұмсайды. Үкіметтегі брифингте ол өзінің жалақысы қанша екенін де айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Журналистер министрден коммуналдық қызмет ақысын өзі төлей ме және бұл шығындар табысының қанша бөлігін алатынын сұрады.

– Айына шамамен 75 мың теңге, нақтырақ айтқанда 73-75 мың теңге төлеймін. "Хайвилл" тұрғын үй кешенінде тұрамын. Коммуналдық қызметтерге ай сайын осынша ақша жұмсаймын. Бұл сомаға интернет ақысы кірмейді. Есімде болса, автотұрақты пайдалану ақысы да есептелмеген. Мен бір тұрақ орнын жалға аламын, – деді Энергетика министрлігінің басшысы.

Министрдің айтуынша, мемлекет оған ай сайын шамамен 1,2 миллион теңге жалақы төлейді.

– Есебін өздеріңіз шығара аласызбар деп ойлаймын, – деді ол.

Контекст

Коммуналдық шығындардың өсуіне байланысты сарапшылар алдағы уақытта қызмет ақысы тағы қымбаттауы мүмкін екенін ескертеді.

Жақында энергетик Олжас Байділдинов алдағы екі-үш жылда қазақстандықтардың коммуналдық төлемдері 40-50 пайызға өсуі мүмкін екенін болжаған еді.

Оның пікірінше, бұған электр станциялары мен желілерді ауқымды жаңғырту жұмыстарының жүргізілуі себеп болуы мүмкін. Бұл жобалардың құны 26-28 миллиард долларға бағаланып отыр.

Сізге қызық болуы мүмкін