×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің балаларына оқуға грант беріледі

13.01.2022, 17:26
Фото: ашық дереккөз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент тапсырмаларын орындау үшін қандай жұмыстар атқарылатынын айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде Үкімет алдында бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді», - деп жазды министр Фейсбук парақшасына.

Оның жазуынша, Білім және ғылым министрлігі алдына сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер қойылды.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес қызметтерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балаларына, жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуы үшін гранттар беру жөніндегі норманы қабылдау жоспарлануда.  Мемлекет тарапынан мұндай қолдау қажетті шара болып табылатынына сенімдімін. Жақында болған қайғылы оқиғалар кезінде біз олардың ерлігінің куәсі болдық, азаматтарды өз өмірлерін аямай қорғады», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары