Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі ресейлік «РИА Новости» ақпарат көзіне Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елде жүргені туралы ақпаратты растамады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ria.ru-дың мәліметінше, Назарбаев қазір Қазақстанда.
«Оның баспасөз хатшысының соңғы хабарлағанына сүйенсек, Назарбаев Қазақстанда», - деген елшілік өкілі.
Бұған дейін бірқатар БАҚ Қырғызстандағы «Манас» халықаралық әуежайына Назарбаевтар отбасына тиесілі делген екі жеке ұшақтың қонғаны туралы хабарлаған болатын. Олардың бірі Македониядан, екіншісі Біріккен Араб Әмірліктерінен келген. Біраз уақыттан кейін екі жақ қырғыз астанасының әуежайынан шығып кеткен.
Еске сала кетсек, Әлия Назарбаева әлеуметтік желіде әкесіне моральдық қолдау білдіргендерге алғыс айтқан болатын.