×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Әлия Назарбаева әкесіне моральдық қолдау білдіргендерге алғыс айтты

13.01.2022, 11:06
Фото: ашық дереккөз

Әлия Назарбаева Фейсбук парақшасына әкесі – Нұрсұлтан Назарбаевқа моральдық тұрғыда қолдау көрсеткендерге алғыс айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Құрметті достар! Елімізде болып жатқан қайғылы оқиғалар жүрегімді ауыртады. Қаза болғандар мен құрбан болғандар үшін қаншалықты қайғыратынымымды сөзбен жеткізе алмаймын. Барлық қаза болғандардың отбасыларына шын жүректен қайғыра көңіл айтамын», - деп жазды ол Фейсбук парақшасына.

Ол осы жағдай тарихымыздағы соңғы қатал сабақ болуын тіледі.

«Бейбіт күнде адамдардың осылай қаза болғаны дұрыс емес. Сіздердің тараптарыңыздан болған қолдау сөздеріңіз үшін де алғыс айтамын. Әкемді қазіргі кезде моральдық тұрғыда қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын, ол осы күндері әр облыстың тұрғындарынан көптеген хабарламалар алуда. Қазақстанға тек бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары