×
538.57
629.48
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.57
629.48
6.71

FlyArystan қызметкері жолаушыға орысша жауап беріп, ұшақта дау шыққан

Бүгін, 09:16
FlyArystan қызметкері жолаушыға орысша жауап беріп, ұшақта дау шыққан
Ашық дереккөзден

Кеше FlyArystan әуе компаниясының рейсі үш сағатқа кешігіп, жолаушылардың наразылығын тудырды. Оқиға ұшақ бортында болды, бір жолаушы әуежай қызметкерінің қазақша қойылған сұраққа орыс тілінде жауап бергеніне ашуланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА НЕДЕН БАСТАЛДЫ

Куәгерлердің айтуынша, дау ұшаққа отырғызу кезінде шыққан.

Жолаушылардың бірі Ақмарал Жәлімбетованың жариялаған видеосынан жолаушы қызметкерден мемлекеттік тілде жауап беруін сұрағанын байқауға болады. Алайда бір сәтте компанияның басқа қызметкері келіп, жолаушының түсірген видеосын өшіруін сұрағанын байқауға болады. Оның сөзінше, мемлекеттік тілде жауап берген адам компания өкілі емес-тін.

- Мен бұл кісіге (қызметкерге) сұрақты қазақша қойдым. Маған қалай айғайлағанының видеосы бар. Мені түсірме деп итерді, өзінің ұрғанын көрсетейін. “Бізді не үшін ұстап отырсыз?” деп қазақша сұрақ қойдым. Сұрағыма дұрыс жауап бермеді. Орысшалап “причем тут я?” деді. Неге қазақша мардымды жауап ала алмаймын?, дейді жолаушы. 

FlyArystan ЖАУАБЫ ҚАНДАЙ

Оқиға FS7162 рейсі кезінде Түркістан халықаралық әуежайының отырғызу аймағында жолаушы мен әуежай агенті арасында болған. Компания мәліметінше, жолаушы агентті итерген.

Осыған байланысты тиісті қызметтер шақырылыпты. 

- Таралып жатқан бейнежазба контекстен үзіп алынған: әуежай агенті қатысқан жазбаны өшіру туралы өтініш тек қана жанжалды реттеу мақсатында жасалды, дейді компания өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары