×
540.84
634.46
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.84
634.46
6.43

СҚО-да көне жануардың сүйегі табылды

Бүгін, 14:17
СҚО-да көне жануардың сүйегі табылды
Ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында алып доисториялық жануардың сүйегі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

7152.kz сайтының мәліметінше, сүйекті жергілікті құтқарушы Есіл өзенінде балық аулау кезінде байқап қалған. Петропавлдың оңтүстігіндегі Бескөл ауылы маңында ол судан шығып тұрған ерекше затты көрген. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымы Анатолий Плешаковтың айтуынша, бұл — мамонтқа немесе жүнді мүйізтұмсыққа тиесілі жіліншік сүйегі.

Зерттеушінің пайымынша, сүйек жаға шайылып кеткен жердің нәтижесінде жер бетіне шығып қалуы мүмкін. Ол осы маңда көне жануардың басқа да сүйектері сақталуы ықтимал екенін жоққа шығармайды. Ғалым мұндай олжалар өңірде бұған дейін де табылғанын атап өтті.

- 1940 жылы 18 метр тереңдікте құдық қазу кезінде екі мамонттың азуы мен үш тас құрал табылған. 1960-жылдары Ясновка маңынан мамонт қаңқасы шыққан, ол ғылыми әдебиеттерде “Ясновский слон” деген атаумен жазылған. Шамамен 15 жыл бұрын Бәйтерек ауылының жанынан да мамонттың сүйектері табылды, – деді Плешаков.

Бұған қоса, Бескөл аумағында көне қоныстың ізі бар. Бірақ ол артефактілер анағұрлым жас — кемінде неолит дәуіріне тиесілі. Жергілікті археологтар қыш ыдыстардың сынықтарын және ежелгі тұрғын үйлердің іргетасына ұқсас ойықтарды тапқан.

Серіктес жаңалықтары