×
541.68
636.26
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.68
636.26
6.48

Қазақстанда жарты миллионға жуық лудоман бар

Бүгін, 17:27
Қазақстанда жарты миллионға жуық лудоман бар
Фото: Azattyq ruhy

Қазақстанда жарты миллионға жуық лудоман бар. Бұл деректі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының дәрігері Асанәлі Сушенов келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сушеновтың айтуынша, қазіргі таңда тәуелділікпен айналысатын мамандар осындай бағалау жасап отыр. Осылайша мәселе ел тұрғындарының шамамен 2 пайызын қамтиды. Дәрігердің сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігінің ресми статистикасы лудоманияның нақты көлемін көрсетпейді. Ресми деректер бойынша, Қазақстанда 20 мыңға жуық адам құмар ойынға тәуелді. Бұдан бөлек, министрліктің есебінде 90 мың алкоголик және 18 мың нашақор бар.

Energyprom деректеріне сәйкес, ең көп ойыншылар заңсыз букмекерлік кеңселерге барады – 494 мың адам. Одан кейін заңды лотереялар (491,7 мың), Қазақстанда тыйым салынған онлайн-казинолар (484,1 мың), лицензияланған казинолар мен ойын автоматтары залдары (495,4 мың) және лицензияланған букмекерлік кеңселер (456,3 мың) тұр.

ЛУДОМАННЫҢ ПОРТРЕТІ

Зерттеу нәтижесіне қарағанда, құмар ойынға тәуелділердің көбі 18 бен 30 жас аралығында. Олардың 90 пайызы – қазақ этносының өкілдері. Гендерлік тұрғыдан алғанда да басым көпшілігі – ер адамдар (90%). Лудомандардың орташа жасы – 29. Тәуелділердің 71,6 пайызы жоғары білімді, ал жартысынан астамы некеде тұрған немесе тұрған және балалары бар.

ПІКІР

Заңгер Ержан Есімхановтың айтуынша, Қазақстандағы ажырасулардың негізгі себебі – әртүрлі тәуелділіктер: лудомания, нашақорлық, алкоголизм.

– Мұндай тәуелділіктер жайдан-жай пайда болмайды. Бұрыннан зерттелген: бұл мәселелер тұрмыс деңгейі төмен, болашағы аз, алға ұмтылу қиындау қоғамда кең етек жаяды. Нашақорлық пен маскүнемдік – ауыр шындықтан қашу жолы болса, лудомания – жалған үмітке берілген қадам, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары