×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстанда нанның орташа бағасы қанша

25.01.2023, 10:54
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен жылы 518 мың тоннадан астам нан өндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы желтоқсанда жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының орташа бағасы келісіне 351 теңгені құрады. Бірінші сұрыпты ұннан - 198 тг/кг, ал қара бидай наны орта есеппен 424 тг/кг сатып алынды. (нанның орташа салмағы - 500-600 гр.).

Айта кетейік, 2022 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтар орташа есеппен (жан басына) бірінші сұрыпты ұннан пісірілген 7,5 кг бидай нанын (қалалық жерде — 7 кг, ауылдық жерде — 8,2 кг) және қара бидай нанының 780 гр (қалалық жерде — 979 гр., ауылдық жерлерде — 475 гр.) тұтынған.

Серіктес жаңалықтары