×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Тараздағы сәби саудасы: Министр ауруханадағы сұмдықтың мән-жайын білмейтін болып шықты

26.01.2023, 17:14
фото: ашық дереккөзден

БАҚ өілдері ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан Тараздағы жаңа туған сәбиді сату оқиғасына қатысты пікір білдіруді сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Менің ойымша, бізде мұндай жағдайлар шамамен бес жыл бұрын болған. Содан кейін бүкіл перинаталдық орталықтар мен перзентханаларға бейнебақылау орнаттық. Баладан бас тартқан аналардың жанында болатын мамандардың, психологтардың жұмысын ұйымдастырдық. Осындай нақты жұмыстар жүргізілді», - деді А. Ғиният.

Десе де, министр Тараздағы оқиғаның мән-жайын нақты білмейтін болып шықты.

«Барлық перзентханада бейнебақылау жүйесі орнатылған. Дәрігерлер палатадағы жағдайды қарап отырады. Алайда жақында болған оқиғаны назарға ала отырып, ел бойынша медициналық персоналмен тағы да тиісті жұмысты атқаратын боламыз», - деді министр.

Еске сала кетсек, Таразда жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатып жіберген акушерлер ұсталған болатын.

Серіктес жаңалықтары