×
$
444.58
510.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.58
510.29
5.27

Тараз әуежайы жанармай бағасына қатысты тексерістен кейін миллиондаған теңге төлеуге міндеттелді

Бүгін, 13:12
Тараз әуежайы жанармай бағасына қатысты тексерістен кейін миллиондаған теңге төлеуге міндеттелді
gov.kz

Тараздағы «Әулие-Ата» халықаралық әуежайына авиациялық отын бағасын негізсіз көтерді деген айып тағылды. Кәсіпорын тексеру нәтижелерімен келіспей, оны сотта дауласқанымен, істі жеңе алмады. Енді әуежай айыппұл төлеп, заңсыз тапқан табысынан айырылуы керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әуежайдың авиациялық керосинді қандай бағамен сатқанын тексерген. Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның монополиялық жоғары баға белгілегені анықталды.

Монополияға қарсы органның есептеуінше, осылайша әуежай 25,2 млн теңге табыс тапқан.

Әуежай басшылығы тексеру нәтижелерімен келіспей, сотқа жүгінген. Іс екі сот инстанциясында қаралып, Жамбыл облыстық соты монополияға қарсы органның қорытындыларын заңды әрі негізді деп таныды.

Кейін Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында әуежай өз кінәсін мойындады.

Айыппұл және тәркілеу

Сот кәсіпорынды 3,2 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттеп, монополиялық табыс ретінде алынған 25,2 млн теңгені тәркілеу туралы шешім шығарды.

Осылайша, айыппұл мен тәркіленетін қаражаттың жалпы сомасы – 28,4 млн теңге.

Бұдан бөлек, әуежайға заң бұзушылықты тоқтатып, авиациялық керосинге экономикалық тұрғыдан негізделген баға белгілеу тапсырылды.