×
481.83
556.8
5.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.83
556.8
5.85

Наурызды харам мереке деген блогер ұсталды

Бүгін, 13:03
Наурызды харам мереке деген блогер ұсталды
Ulysmedia.kz коллажы

Наурызды харам мереке деп мәлімдеген блогер қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы облысында полицейлер Наурыз мерекесіне қатысты даулы пікір айтқан блогерді ұстады. Ол жариялаған видеода бұл мерекені «мұсылмандық емес» деп атап, Қазақстанда атап өтпеу керек деген көзқарасын білдірген.

- Айтты солай тойламадыңдар ғой. Киіз үй тігіп, қазан-ошақ қойып. Қайдағы бір парсының, отқа табынушы, күнге табынушылардың мейрамы болған Наурызды солай тойлап жатыр. Қазақтың мейрамы деп қояды. Қазақта ондай мейрам болмаған. Наурыз деген сөздің өзі қазақтың сөзі емес. Мұсылман болсаң Наурызды тойлауға болмайды, – дейді блогер видеосында. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

ІІМ мәліметінше, блогерге діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. 1991 жылы туған К. ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, көпшіліктің сынына ұшырады. Қолданушылар оны тарихи деректерді бұрмалады деп айыптап, қоғамда іріткі салуға тырысқанын айтты. Кейін видео желіден өшірілді.

Серіктес жаңалықтары