×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Тозығы жеткен күркеге айналды - Роза Мұқанова Ұлттық кітапхана жайлы

27.09.2021, 13:21
Тозығы жеткен күркеге айналды - Роза Мұқанова Ұлттық кітапхана жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz

Әлеуметтік желідегі оқырмандар астанадағы Ұлттық академиялық кітапханаға қатысты қарсылықтарын білдіріп жатыр. Олар кітапхана қоры жыл өткен сайын жұтаңдап бара жатқанына және бюджет қаржысы қажетсіз ойын-сауықтарға жұмсалатынына наразы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ОРТАЛЫҚ АШУ” МАСТЕРІ 

Желі қолданушысы Елдос Тоқтарбай кітапхана қорында қазақ тіліндегі кітаптар саны аздығын әрі сапасының төмендігін айтып жазба жариялады. Сондай-ақ ол кітапхана басшысын бюджет қаржысын оңды-солды пайдаланып, шетелдерде «орталық ашу» мастері болып алды деп сынады.

Кітапхана сайтында келтірілген дерекке сүйнесек, 2020 жылы Абайдың 175 жылдығы аясында Италия, Египет, БАӘ, Түркия, Чехия елдерінде «Абай» мәдени орталығы ашылған. Ол «орталықтарды» көзбен көрген кей оқырман шағын бұрыш екендігін айтып отыр. Біраз адам Елдос Тоқтарбайдың жазбасы «орынды көтерілген мәселе» екенін айтып, қолдау білдірді.

“ҚҰНДЫ КІТАПТАР ҚОЛДЫ БОЛДЫ”

Пікір білдіргендердің қатарында қоғам белсенділері, ғалымдар мен жазушылар да бар. Солардың бірі белгілі жазушы, драматург Роза Мұқанова кітапхананың тозығы жетіп, күркеге айналғандығын айта келе, кітапхана қорындағы кітаптардың бей-берекет қолды болып жатқандығын жеткізді. 

Әлеуметтік желілердегі айыптауларға академиялық кітапхана басшысы әзірге жауап қайтармады. Тек адам еншісіндегі уақыттың өлшеулі екендігі турасында Омар Хаямның сөзін кешелі-бері бірнеше рет бөлісіп қана қойған.

2004 жылы Үкімет қаулысымен құрылған Ұлттық академиялық кітапхана Президент Н. Ә. Назарбаев пен Мәскеу мэрі Ю. М. Лужковтың қатысуымен ашылған-ды. 5 қабатты ғимараттың бүгінгі басшысы – Үмітхан Мұғалбаева. Негізгі қордың көлемі - 1 446 195 дана деп көрсетілген.