Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2021 ж.т. және 2022 ж.т. сәбилерін сатқан 1991 жылы туған БҚО-ның тұрғынын анықтады”, – делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.