×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Павлодарда кәсіпкердің 119 млн теңгесін қалтаға басқан "балгер" сотталды

10.02.2023, 15:21
фото: ашық дереккөзден

Павлодарда сот алаяқтық жолмен бөтеннің 119 млн теңгесін иемденген әйелге үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс материалдары бойынша, алаяқ әйелдің құрбаны – жергілікті кәсіпкер. Сотталушы оны емші екеніне және сеанстар өткізетініне сендірген.”Балгерге” қомақты қаржы ұсынған әйел бизнесте табысқа жетіп, отбасында бақытты ғұмыр кешетініне иланған.

2019 жылдан 2020 жылға дейін жәбірленуші жалған балгерге 119,5 миллион теңге берген. Алайда оның сеанстарынан ешқандай нәтиже болмағандықтан, полицияға жүгінді.

Сот талқылауы барысында прокурор сотталушыға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

"Сот Павлодар тұрғынын ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Алаяқтық, яғни алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау" бойынша кінәлі деп таныды. Оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Балаларының болуына байланысты жаза 5 жылға, яғни 2028 жылдың 9 ақпанына дейін кейінге қалдырылды", – деп хабарлады № 2 соттың баспасөз қызметі.

Жәбірленушінің пайдасына 119 480 000 теңге мүліктік залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары