×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстандағы барлық мектептің қауіпсіздік жүйесі тексеріледі

13.02.2023, 12:47
Қазақстандағы барлық мектептің қауіпсіздік жүйесі тексеріледі
фото: ашық дереккөзден

Петропавл қаласындағы мектепте болған оқиғаға қатысты комиссия құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, комиссия құрамында балалардың құқықтарын қорғау комитеті, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері бар.

Сонымен қатар, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы тапсырылды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ алып келіп, 3 баланы жарақаттады.

Қаруланған жасөспірімнің психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды.

Оқиға болған мектептің қауіпсіздік жүйесі сынға алынғаны айтпаса да белгілі. Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы оқушы қаруды сөмкеге жасырып кіргенін алға тартты.

«Ешкім оқушының сөмкесін тексере алмайды, құқы жоқ. Кейін дәретханаға кіріп, одан қаруланып шыққан. Зардап шеккендер 9-шы және 10-сынып оқушылары. Екі ұл және бір қыз бала. Екі баланың жағдайы қалыпты, облыстық балалар ауруханасында жатыр», - деді басқарма басшысы Нәзір Жәшібеков.