×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

3 оқушының жарақаттануы: полиция қаруланған жасөспірімге қатысты мәлімет берді

13.02.2023, 10:25
фото: ашық дереккөзден

Петропавлда 3 оқушыны жарақаттаған 9-сынып оқушысы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібековтің айтуынша, 9-сынып оқушысы алдын ала болжам бойынша, мектепке балта мен пышақты сөмкесіне жасырып әкелген.

«Ешкім оқушының сөмкесін тексере алмайды, құқы жоқ. Кейін дәретханаға кіріп, одан қаруланып шыққан. Зардап шеккендер 9-шы және 10-сынып оқушылары. Екі ұл және бір қыз бала. Екі баланың жағдайы қалыпты, облыстық балалар ауруханасында жатыр», - дейді Нәзір Жәшібеков.

СҚО прокуратурасы және полиция департаменті осы оқыс оқиғаға қатысты түсінік берді.

«13 ақпан күні Петропавлдағы 4-орта мектепте 9-сынып оқушысы осы білім ордасының үш оқушысына дене жарақатын салды. Балалар аман, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, есін біледі», – делінген хабарламада.

Полиция кәмелетке толмаған Д.-ның ұсталғанын мәлімдеді. Осы дерекке қатысты «адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелет жасына толмаған Д. психиатриялық есепте тұр.

Еске салайық, Петропавл мектептерінің бірінше мектепке қаруланып келген 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады.

Серіктес жаңалықтары