Қазақстанда жұмыссыз бола тұра, оны іздеуге және еңбек етуге құлқы жоқ 39,5 мың адам тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың төртінші тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылды. Олардың 6,9 миллионы жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.
Толық жұмыспен қамтылмағандар саны былтырғы үшінші тоқсанмен салыстырғанда 9,9%-ға өсіп, 268,9 мың адам болды.
Былтырғы қорытынды бойынша жұмыссыз қазақстандықтар саны - 456,1 мың адам. Ал осы аралықта қызмет етуге құлықсыздар 19,3% болып төмендеді. Яғни, елімізде жұмыс істеуге ниеті жоқтар саны - 39,5 мың адам.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық статистика бюросы еліміздегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын жария еткен.