«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Арман Мәмбетаевтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Қолжетімді бағамен керекті көлемді отандық шикізатпен қамтамасыз ету түріндегі қолдау отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырар еді. Бұл жағдайда көлік құрау саласы мен олардың өнімдерінің сапасын арттыруға болады. Бұл бастама керек десеңіз басқа да салаларды қамтиды», - деді Мәмбетаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезінде.
Маманның айтуынша, оларды тапсырыспен, жергілікті қамту үлесімен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті.
«Бұл бағытта үкіметпен жұмыс белсенді түрде жүріп жатыр. Біз мемлекет басшысының жолдауы шеңберінде бұл жұмысты жалғастырамыз», - деді ол.