×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Халық қартайып барады: Қазақстанда қарттар үлесі 11% жетті

29.09.2021, 09:55
Халық қартайып барады: Қазақстанда қарттар үлесі 11% жетті
фото: Ашық дереккөзден

БҰҰ болжамына сәйкес, әлемнің көптеген өңірінде секілді Қазақстанда халық саны келесі бірнеше онжылдықта өсіп, 2050 жылға қарай шамамен 24 млн адамға жетеді. Биыл Қазақстан халқының саны 19 миллионнан асты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл ретте халық санының өсімі бала туу деңгейі мен өмір сүру ұзақтығының артуынан да болатынын атап өткен жөн. Мәселен, 2020 жылы туғаннан бергі өмір сүру ұзақтығы 71,37 жас болады деп күтілген, ал он жыл бұрын бұл көрсеткіш 68,45 жасты құраса, 2000 жылы 65,5 жасты құраған еді. Бұнда сәбилер мен балалар өлімі және жас кездегі өлім мен тағы басқалар ескеріледі. Ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы 80 жас, ал әйелдердікі 82 жасты құрайды, дейді ranking.kz.

Осылайша, Қазақстанда халықтың қартайғаны байқалады. Егер 2010 жылы зейнет жасындағы халық үлесі 9,9% құраса, 2020 жылы 11% құрады. Ал еңбекке қабілетті жастағы азаматтар үлесі керісінше біршама азайды: 2010 жылғы 64%-дан 2020 жылғы 58,3%-ға дейін төмендеді. Боже-Гарнье-Э.Россеттің демографиялық қартаю шкаласына сәйкес, Қазақстан қартаюдың алдында тұр.

Бұндай жағдай бүкіл әлемде байқалып отыр. БҰҰ болжамына сәйкес, әлемнің шамамен барлық елі халықтың қартаю процесіне тап болады.