×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Боқтасаңыз – 69 мың теңге айыппұл: жаңа заң бүгіннен бастап күшіне енді

06.03.2023, 08:19
Боқтасаңыз – 69 мың теңге айыппұл: жаңа заң бүгіннен бастап күшіне енді
Коллаж: Ulysmedia.kz

6 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске балағат сөздер айтқаны үшін жазаны күшейтетін түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан былай қоғамдық орындарда боқтағандар 69 мың теңге айыппұл (бұрын 17 250 теңге болған) арқалайды немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады. Мұндай нормалар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына енгізілген.

Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айту, жеке тұлғаларды балағаттау және жәбірлеу, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және басқаларға құрметсіздікті білдіретін осыған ұқсас әрекеттер жасалатын болса, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын ұсақ бұзақылық деп саналады.

Сонымен, балағат сөз үшін жауапкершілік қаншалықты күшейтілді?

Осы жылдан бастап ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза күшейтіледі. Автобуста біреу балалардың немесе аға буын өкілдерінің көзінше боқтады делік, бұған дейін мұндай әрекет үшін 17 250 теңге айыппұл төлейтін немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынатын.

Ал бүгіннен бастап балағат сөздер үшін 20 АЕК (бұл 69 мың теңге) түріндегі жаза және 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделетін болады.

Егер біреу сізді боқтады деп жала жапса да айыппұл салына ма?

Әрбір өтініш бойынша полиция қызметкерлері дәлелдемелер жинайтын болады – бұл азаматтардың өтініші, куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ құқық бұзушылықтың бейне немесе аудиожазбасы, ал қажет болған жағдайда сарапшының қорытындысы. Сот дәлелдемелерді негізге ала отырып кінәнің бар-жоғына құқықтық баға береді.

Үйде немесе көлікте балағат сөз айтқандар да жазалана ма?

Мұның бәрі жағдайға байланысты. Ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілікке тарту үшін қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, айналасындағыларға құрметсіздік білдіру, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу міндетті шарт болып табылады.

Қай тілдегі боқтық сөз үшін айыппұл салынады?

Жалпы, жоғарыда аталған жағдайларда кезде кез-келген тілде балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабында балағат сөзді отбасында айтқаны үшін ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.