×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Министр Ахметжанов Әйгерім Тілеужанның ұсталуына қатысты пікір білдірді

07.03.2023, 12:37
әлеуметтік желіден

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов белсенді Әйгерім Тілеужанның ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әйгерім Тілеужан ақпан айының соңында депутаттыққа кандидат куәлігін алмақ болған кезде ұсталған болатын. Аудандық сайлау комиссиясына келген кезде оны полиция күтіп тұрғаны туралы хабарланды.

"Сайлау заңнамасына қатысты барлық мәселе қадағалау органының құзыретінде. Осы фактілер бойынша, егер өтініш болса, біздің заңнамада ЕҚДБ-ға кез келген хабарлама тіркеледі. Қылмыстық іс қозғалды деп асыра айтудың қажеті жоқ. Барлығы бойынша сотқа дейінгі тексеру тіркеліп, жүргізіледі, содан кейін процестік шешім шығарылады", - деді Ахметжанов.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының №3 аумақтық сайлау округі Тілеужанды Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде тіркемеген болатын. 18 ақпанда кандидаттарды тіркеу мерзіміне 15 минут қалғанда комиссия мүшелері белсендінің сайлау жарнасының төленгені көрсетілген банк құжатының растығына күмән келтірген.

Алайда Жоғарғы сот Жоғарғы сот Тілеужанды сайлаудан шеттету шешімін заңсыз деп таныды.

Тілеужанға қатысты тергеу жүріп жатыр – билік оны қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайына жасалған шабуылға қатысты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп күдіктенеді. Белсенді өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарады. Ол 2022 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Еске салайық, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 19 наурызда өтеді. Саяси партиялардың сайлауалды жарыссөздері 16 наурызда өтеді.

Серіктес жаңалықтары