×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Енді жұмыс беруші қызметкерлерін демалыс күндері күштеп жұмысқа шығара алмайды

16.03.2023, 16:52
Енді жұмыс беруші қызметкерлерін демалыс күндері күштеп жұмысқа шығара алмайды
фото: ашық дереккөзден

Бұдан былай елімізде жұмыс беруші қызметкерді оның келісімінсіз мереке күндері және демалыс уақытында жұмысқа шығара алмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек кодексіне енетін бұл өзгеріс жайлы министр Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Жұмыс беруші азаматтарды мейрам күндері немесе жұмыс уақыты біткеннен кейін жұмысқа тартатын болса, жұмыскерге хабарлама беру керек. Жұмыскер ол хабарламаға келісетінін не келіспейтінін өзі шеше алады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Еңбек кодексіндегі жаңа нормадағы осы құқығын пайдаланған адамдарды жұмыстан шығаруға жол жоқ. Алайда жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек шартының талаптары орындалуы керек.

«Еңбек шартында қосымша жұмыс уақыттары туралы айтылған болса, қалып істейсіз. Ал еңбек шартында нақты уақыт берілген болса, сол уақытта ғана жұмыс істей аласыз», - деп түсіндірді Дүйсенова.

Айта кетсек, бұдан бұрын Еңбек министрі елімізде зейнет жасын көтеру мәселесі қайта қаралатынын мәлімдеген.