×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Арман Шораев: Биліктен маған қарсылас табылмады – сол намысыма тиеді

19.03.2023, 10:45
Фото: Ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаттығына бір мандатты жүйе бойынша кандидат, қоғам белсендісі Арман Шораев Астанадағы №22 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сайлау учаскесіне келген кандидат өзі де дауыс беріп, содан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Сайлаудан кейін жалпы елде не өзгереді деп ойлайсыз?» деп сұраған алдымен журналистер.

«Тәуелсіз баламалар парламентке, мәслихаттарға кірсе, онда әрине күрделі өзгерістер болады деп ойлаймын. Өйткені ол жерге биліктің қуыршақтары емес, мен дей алатын біздің азаматтар шығып, шындықты шырылдатып айтса, өзгерістер болады. Сол үшін күресіп жатырмыз», - дейді ол.

Арман Шораев өзі сенгіш адам екенін атап өтті

«Тоқаевқа да сенгім келеді. Ол кісімен жеке таныспыз, Бірнеше рет сырласқанбыз да бірнеше мәрте. Айтқанынан танбайды деген сенемін. Бүгінгі сайлау айтқан сөзі ісімен сәйкес келе ме – көрсетеді», - деді ол.

Шораев сонымен қатар өзіне қатысты «жақындағы сот арқылы билік керісінше, жарнама жасап бергенін айтты».

«Қазақстанның кез келген азаматы ол кезде шындық, патриотизм, қай жақта сепаратизм, Украинаны сатып кеткен бесінші колонна тұрғанын айқындап берді деген ойдамын», - деді ол.

«Басты қарсыласым кім деп ойлайсыз?» деген сұраққа Арман Шораев «маған тең келетін ешкім жоқ дейді.

«Намысыма келеді – бәйгеге шыққаннан кейін мен деген салмақты, мықты ер шықса деп едім. Өкінішке қарай Аманатта та, билікте де маған тең келетін кандидат табылмады. Жеңісіме 1000 пайыз сенем», - деді ол.

Еске салсақ, Арман Шораевқа кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігі жөнінде сайлауға небары 3 күн қалғанда хабарланған.

Серіктес жаңалықтары