×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Алматының сайлау учаскелеріндегі өрескел бұзушылықтар видеоға түсіп қалды

19.03.2023, 16:44
видеодан скриншот

Әуезов ауданындағы №7 округтен Алматы мәслихатына тәуелсіз кандидат Шавкат Мұхтаров әлеуметтік желілерде оңтүстік астананың әртүрлі сайлау учаскелерінде түсірілген бірқатар бейнероликтерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кадрлардан адамдар кабинаға екі-екіден кіріп, бюллетендерге алдын ала қол қойып, бақылаушылардың жұмысына кедергі келтіргенін көруге болады. Бұл – заңбұзушылықтардың аз ғана бөлігі.

"Таңертеңнен бастап қазіргі уақытқа дейін біздің штабтың бақылаушылары көптеген заңбұзушылықтарға тап болды. Әсіресе, бақылаушылардың жұмысына кедергі келтірушілер көп: бейне түсіруге тыйым салынады, қозғалуына мүмкіндік берілмейді. Сайлаушыларға бір мандатты кандидаттармен танысу мүмкіндігі шектелді немесе қиындатылды – кейбір учаскелерде стендтер көшеге, учаске аумағынан тыс жерге шығарылған", - деп жазады Мұхтаров.

Оның айтуынша, бақылаушылардың ескертуін комиссия өкілдері елемейді. Сондай-ақ, ол көптеген учаскелерге мүгедектер еркін кіре алмайтынын, пандустар жоқтығын айтты.

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды. Республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр.

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.

Бұдан бұрын "Еркіндік қанаты" қоры учаскелер ашылған сәттен бастап қандай бұзушылықтар тіркелгенін айтқан.

Сондай-ақ, Шымкентте шыққан шу көптің құлағына жетті. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған фотолар мен аудиожазбаларға сүйенсек, қалада сайлау басталмай тұрып сайлаушылардың дауыстарын санап қойған.

Бұған дейін Бас прокуратура өкілі прокуратура органдарына дауыс беру кезіндегі заңбұзушылықтар туралы 25 шағым түскенін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары