×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Сайлаудағы мұндай тәсілдер жаңа Қазақстанның беделін түсіреді": Тәуелсіз кандидаттар Тоқаевқа жүгінді

20.03.2023, 10:08
"Сайлаудағы мұндай тәсілдер жаңа Қазақстанның беделін түсіреді": Тәуелсіз кандидаттар Тоқаевқа жүгінді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаттығына тәуелсіз кандидаттар президент пен Орталық сайлау комиссиясынан сайлау нәтижелерін жоюды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейнеүндеуді Instagram-да кандидат Санжар Бокаев жариялады. Видеодан талап қоюшылар қатарында Мұхтар Тайжан, Салтанат Тәшімова және басқа да белсенділер барын көруге болады. Олардың пікірінше, сайлау заңға сай өткен жоқ.

"Ең сорақысы , олар хаттамаларды қолдан жасайды, бақылаушыларды қуып жібереді. Мұндай сұмдықтар тіпті ескі Қазақстанда болған жоқ. Тәуелсіз кандидаттардың атынан ел президенті мен ОСК төрағасына жүгініп, мұндай тәсіл жаңа Қазақстан тұжырымдамасының беделін түсіретінін айтқымыз келеді! Біз сайлауды, оынң қорытындыларын мойындамаймыз. Заңсыз деп санаймыз", - деді белсенділер.

Еске салайық, кеше елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.

Дауыс беру кезінде сайлау туралы заңнама талаптарының бұзылу деректері аз болған жоқ. Мәселен, Алматының сайлау учаскелеріндегі өрескел бұзушылықтар видеоға түсіп қалды

Шымкенттен шыққан шу да көптің құлағына жетті. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған фотолар мен аудиожазбаларға сүйенсек, қалада сайлау басталмай тұрып сайлаушылардың дауыстарын санап қойған.

Алматы облысының Қарасай ауданында жәшікке бірнеше бюллетень салған сайлау комиссиясының хатшысы қызметінен шеттетілді.

Сондай-ақ, Бас прокуратура дауыс беру кезінде үш өңірде сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі тіркелгенін мәлімдеді.