×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

"Бәрі бос сөз болып шықты": тәуелсіз кандидаттар хаттамалардың небары 10%-ын алған

20.03.2023, 14:11
"Бәрі бос сөз болып шықты": тәуелсіз кандидаттар хаттамалардың небары 10%-ын алған
видеодан кадр

Алматыда Мәжіліс пен мәслихаттарға тәуелсіз кандидаттардың баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Конференцияның басында Мұхтар Тайжан іс-шараға көптеген үміткерлер келе алмағанын атап өтті, өйткені олар әлі де хаттамаларды іздеуде.

"Естеріңізде болса, қанды қаңтардан кейін билік демократияландыруға, жаңа Қазақстанды құруға, реформалар жасауға уәде берді. Мұның бәрі бос сөз болып шықты. Жұрт парламенттік сайлауды күтті. Әділ өтетініне сенді. Міне, сайлау өтті. Осы уақытқа дейін біз хаттамалардың барлығына қол жеткізе алмай отырмыз. Дәлірек айтқанда, олардың небары 10 пайызын ғана алдық. Мұндайды қайдан көрдіңіздер? Интернетте бюллетеньдердің уыстап салынғаны жайлы видеолар толып жүр, дауыстарды санау процесіне ешқандай бақылаушылар жіберілмеген. Сайлау осылай өтті. Біз жаңа әділ Қазақстанды көріп отырған жоқпыз. Билік халықты алдаған кезде, мұның соңы жақсылықпен аяқталмайды", - деді Тайжан.

Жиынға қатысушылар Мұхтар Тайжанның сөзін қолдады. Олар тіпті өткен жылғы референдумда да мұндай бұзушылықтар болмағанын айтып шағымданды.

"Билік тек беделін түсіру үшін ғана емес, наразылықтардың радикалдануы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады", - дейді белсенділер.

Баспасөз мәслихатына Санжар Боқаев та қатысуы керек еді. Алайда, қазір ол әскери қалашықтағы сайлау учаскесіндегі қорытындыларға қатысты шағым бойынша сотта жүр.

Айта кетейік, бұған дейін тәуелсіз кандидаттар сайлау қорытындысын мойындамайтындарын мәлімдеп, Тоқаевқа жүгінген.